Ер адам жоғары қабаттан құлап қоларбадағы сәбиді өлтірді
Ресей тұрғыны терезеден құлап, қоларбадағы баланы өлтірді.
10:00 05.02.2021
Ер азаматтың өзі де оқиға орнында мерт болды. Оқиға көрші Ресей елінде болды. Оқиға көп қабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, анасы баласымен бірге жаяу жүргіншілер жолында келе жатады. Кенеттен ер адам биіктіктен қоларбаға құлап кеткен. Сәби бес айлық еді. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай ол жедел жәрдем көлігінде шетінеп кетті.
Анасына тыныштандыратын дәрі енгізуге тура келді. Ол шок күйде қалды. Биіктіктен құлап қайтыс болған ер адам, көршілерінің айтуынша, шамамен 30 жаста болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!