Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды
Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды.
11:14 05.02.2021
Он бір ер адам көз жұмды. Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерледі. Оған қатысты тергеу жүргізілді. Әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал жолдасы бірінен соң бірі қайтыс болды.
Тергеу ақпаратына сәйкес, 53 жастағы әйел әдейі жалғыз ер адамдарды іздеген. Ол тұрмысқа шыққан соң зейнеткерлердің мүлкін өз атына түсірген. Бірнеше қалада үй мен пәтер бұйырды. Арам ойын жүзеге асыруға қыздары көмектескен. Риэлтор да жоспардың орындалуына септесті.
Шығын сомасы 21,7 миллион рубль (123 млн теңгеге жуық) шамасында. Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Он бір ер адам көз жұмды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram