Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті
Көлік полициясы темір жолдың бойында қойын жайғаны үшін Алматы олысының 51 жастағы тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
13:04 05.02.2021
«Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк пойызының машинсі темір жол бойында бір отар қойдың жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежегішті іске қосты. Бірақ, 14 қойды басып кетті. Пойыз 9 минут тұрып қалды», - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.
Оның айтуынша, Шамалған стансасындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында қойдың иесі Алматы облысының 51 жастағы тұрғын екендігі анықталды.
«Аталған азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді полиция полковнигі.
Айта кетсек, осы жылдың қаңтар айында пойыздың шұғыл тоқтауының 145 фактісі тіркелді. Оның 37-сі темір жол бойында адамдардың жүруіне және 108-і малдың жайылуына байланысты орын алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram