{metadescription}
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды

Жол-көлік апаты Марат Оспанов көшесінде болды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Nissan Primera» маркалы көлігінің жүргізушісі мас күйінде рульге отырып, дер кезінде тоқтай алмаған. Салдарынан 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада 121440» автокөлігімен соқтығысты. Одан әрі «Nissan Primera» жаяу жүргіншіні қаққан.

«Салдарынан 50 жастағы әйел дене жарақатын алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қылмыстық кодекстің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және абайсызда адам өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ-ны басқаруы» бабымен тергеу басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.