{metadescription}
Белгісіз біреудің шабуылынан үш адам мерт болды

Белгісіз біреудің шабуылынан үш адам мерт болды

Шотландияның Килмарнок қаласында белгісіз біреудің жасаған шабуылы салдарынан үш адам қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, 4 ақпанда 39 жастағы әйелге Килмарноктағы Crosshouse ауруханасының автотұрағында шабуыл жасалған. 24 жастағы екінші әйел Портленд-стритте ауыр жараланып, ұзамай көз жұмды. Кейіннен қала шетіндегі жол-көлік оқиғасының салдарынан 40 жастағы ер адам мерт болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәлім еткендей, жүргізілген тергеулер оқиғалардың бір-бірімен байланысты екенін көрсетті. Қылмыскер суық қаруды қолданып, қаланың әртүрлі бөліктерінде адамдарға шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

«Офицерлер тергеу амалдарын жалғастырып жатқандықтан, бірқатар елді мекендер қоршауға алынды. Біз оқиғаның мән-жайын толық растау үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді полиция бастығы Супт Фарок Хуссейн.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.