{metadescription}
Нұр-Сұлтанның сол жағалауында болған оқиғаның видеосы тарап кетті

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында болған оқиғаның видеосы тарап кетті

Видеода адамдардың бетперде таққанын көруге болады.

Алайда ешкім әлеуметтік қашықтық сақтап тұрған жоқ. Елордада гүл дүкенінің маңында адамдар жиналып, көлік кептелісі болды. Оқиға Мәңгілік ел даңғылындағы Dream City тұрғын үй кешені маңында болған.

Жуырда әлеуметтік желіде гүл дүкені ашылатыны жарияланды. Блогерлер iPhone 12, AirPods, Apple Watch сағаты және Volkswagen Polo көлігі ойнатылатынын хабарлаған еді. Дүкеннің Instagram-дағы аккаунты оқиға орнынан тікелей эфир жүргізді. Олар жиналғандарға арнайы бағдарлама әзірлеген. Видеода адамдардың бетперде таққанын көруге болады. Алайда ешкім әлеуметтік қашықтық сақтап тұрған жоқ.

7 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан астанасы коронавирус таралуының "сары" аймағында тұр. Қалада мониторингтік топтар карантин талабын бұзу жағдайларын анықтауда. Бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысына сәйкес, адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде