Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді
Елордада гүл сататын дүкеннің ашылу құрметіне орай ұтыс ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді.
18:48 07.02.2021
«Полиция қызметкерлерінің талабымен іс-шара тоқтатылды. Жағдай тұрақталып, жиналған тұрғындар үйлеріне тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, елордада гүл дүкенінің маңында адамдар жиналып, көлік кептелісі болды. Дүкен ашылу құрметіне ұтыс ойынын өткізген. Сыйлық алуды қалайтын көптеген адам дүкеннің жанына жиналған. Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram