{metadescription}
Павлодарда өртенген үйден көршісі екі адамды алып шықты

Павлодарда өртенген үйден көршісі екі адамды алып шықты

Павлодарда өрт кезінде анасы мен қызы зардап шекті.

Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам және 4 техника, апаттар медицинасы орталығы, «102», «103» қызметтері жұмыс істеді.

«7 ақпанда 9 сағат 19 минутта «Ертіс» бағбаншылығында Лимонная көшесі, 7 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түсті. Төрт бөлмелі кірпіш тұрғын үйде шатырдың ағаш құрылымдары, жиһаз бен үй заттарының жалпы алаңы 45 шаршы метрде жанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршісі үйдің иесін, 1934 жылы туған әйелді құтқарған. Өрт кезінде 1963 жылы туған қызы қарт анасын үйдің табалдырығына дейін сүйреп әкелген», - дейді Павлодар қаласы ТЖ басқармасының офицері Сабыржан Тастембеков.

Зардап шеккен кейуана № 3 Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, ауыр дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жатқызылды, жағдайы ауыр. Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасы үй иесінің қызын № 1 Павлодар қалалық ауруханасының терапия бөлімшесіне жатқызды. Ол үйден өзі шыққан. Орташа дәрежелі жану өнімдерімен улану диагнозы қойылды, жағдайы қанағаттанарлық. Өрт 9 сағат 56 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде