Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды – дүйсенбіде ауа райы қандай болады
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
21:22 07.02.2021
Бес өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр. Дүйсенбі, 8 ақпанда, батыс өңірлерден өзге аймақтарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп жазады "Қазгидромет".
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 8 ақпан күні қар жауады. Күндіз минус 3-5 градус, жел жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12 градус нөлден төмен.
Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз плюс 7-9 градус, жел жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде – 0+2 градус.
Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз – 10-12 градус жылы, жел жылдамдығы - 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 3-5 градус жылы.
Дабылды ескерту
Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысында тұман, бұрқасын болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Түнде және таңертең Ақтау мен Маңғыстау облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қостанай облысында да бұрқасын болжанып отыр. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аймағында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram