{metadescription}
Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрылды

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрылды

Жабылған жол учаскелерінің барлығында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция мен жол қызметінің өкілдерінен тұратын бекеттер қойылды.

Ауа райының бұзылуына байланысты ТЖМ жағдаяттық орталығында шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық әрекеттестікті ұйымдастыру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды.

"Штаб республикалық азаматтық қорғаныс қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр", - деді Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жабылған тас жол учаскелеріне төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция мен жол қызметінің өкілдерінен тұратын бекеттер қойылды. Автомобиль жолдарына жақын орналасқан аумақтан жылыну орындары жабдықталды.

"Техниканың жиналуына қарай автокөліктер колоннасы полиция және жол қызметкерлерінің ілесе жүруімен жолға шығып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Ауа райы жақсарғаннан кейін көрсетілген автомобиль жолдарындағы шектеуді алу туралы мәселе жедел шешіледі. Айта кету керек, бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтан – Щучинск тас жолында көлік кептелісі болды: елордадан Щучинск қаласына қарай шамамен 300 автокөлік, Щучинсктен Нұр-Сұлтанға қарай 500-ге жуық автомашина арнайы қызметтің ілесуімен жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.