{metadescription}
Билл Гейтс коронавирустан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Билл Гейтс коронавирустан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Мультимиллиардердің пікірінше, жыл сайын климаттың өзгеруінен қазіргі індеттен де көп адам қайтыс болады.

Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс коронавирус пандемиясынан кейін адамзатқа екі қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Біріншісі – климаттың өзгеруі, екіншісі – биотерроризм. Бұл туралы ол Veritasium YouTube-каналына берген сұқбатында айтты.

"Олардың бірі – климаттың өзгеруі", - деді Гейтс әлем қандай қауіп-қатерлерге дайын емес деген сұраққа жауап беріп.

Оның пікірінше, жыл сайын климаттың өзгеруінен қазіргі індеттен де көп адам қайтыс болады. Екінші қатер – биотерроризм, деп санайды мультимиллиардер.

"Әлдекімдер адамзатқа зиян келтіргісі келеді, вирус ойлап табуы мүмкін", - деді ол.

Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Süddeutsche Zeitung неміс басылымына берген сұқбатында әлем келесі пандемияға дайын емес екенін, өйткені ол COVID-19 індетінен он есе қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.

"Екі жылдан кейін жағдай өзгереді деген үміттемін. Вакцина, тест, препараттар, эпидемиология, мониторинг – індетті тоқтату үшін біраз дүние жасауға болады", - деді мультимиллиардер.

Гейтстің пікірінше, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруі сияқты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Ал мұндай қауіп-қатерге жаһандық тұрғыда жауап беру қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.