Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматылық әйелдің шағымынан кейін екі дәрігер жұмыстан шығарылды
Алматылық әйелдің шағымынан кейін №5 қалалық аурухананың екі дәрігері жұмыстан шығарылды.
14:01 08.02.2021
Бұған дейін Алматы тұрғыны №5 қалалық аурухана дәрігерінің немқұрайдылығына және сыбайлас жемқорлыққа шағымданды. Әйел 2016 жылы туған кәмелетке толмаған ұлын тісі ауырған соң осы ауруханаға алып келген. Ол дәрігердің қызмет үшін 10 мың теңге талап еткенін, ал бас тартқаннан кейін жұмысты соңына дейін аяқтамағанын мәлімдеді. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы аталған факті бойынша тексеру басталғанын және нәтижелерін хабарлады.
"Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылып, қызметтік тергеу жүргізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Талдау қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
- Бөлім бойынша жауапты тұлғаларға екі сөгіс жарияланды;
- Екі дәрігер лауазымдарынан босатылды.
"Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылдау бөлімінің қызметкерлерімен кездесуде жұмыс тобының тергеу нәтижелері талданды", - деп түйіндеді ҚДСБ.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram