Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да дәрігерлер мінген ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы.
14:40 08.02.2021
Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлады.
«Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram