Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Рудныйда 45 жастағы ер адамды қинап өлтірген
Қостанай облысында 45 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті.
15:46 08.02.2021
Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласында болған.
«Рудный қаласы Фрунзе көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінен зорлық-зомбылық белгілері бар 45 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты Рудный қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауда отыр», - делінген полиция ақпаратында.
Қазір осы іс бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram