Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде егілмейді
Маман «коронавирусқа қарсы екпені мәжбүрлі түрде салады» деген қауесетке қатысты жауап берді.
17:45 08.02.2021
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында вакцина салдыру ерікті тәртіпті жүргізілсе де, кейбір адамдар «коронавирусқа қарсы екпе мәжбүрлі түрде салынады» деп алаңдаулы екені айтылды. Осы орайда тұрғындардың мұндай жағдайға тап болуы мүмкіндігі сұралды.
«Бұдан бұрын хабарланғандай, вакциналау ерікті түрде болады. Осы орайда мәжбүрлеу деген болмайды және вакцина алмаған азаматтарға қарсы ешқандай санкция қарастырылмаған. Бұған жол берілмейді. Бірінші кезекте вакцина адамның өзін қорғау үшін қойылады. Сондықтан ол әр адамның жеке шешімі. Жеке өз басым инфекциядан қорғалғым келеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram