Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда сәбиін тұншықтырып өлтірген ана сотталды
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаңа туған сәбиін өлтіру қылмысына кінәлі деп танылған елорда тұрғыны, азаматша С-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.
19:16 08.02.2021
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты мәлім етті. Қалалық сот мәліметінше, 2020 жылдың 22 тамызында азаматша С. пәтерінде бала туған. Осыдан кейін психологиялық ауытқуға ұшыраған ол сәбиін тұншықтырып өлтірген. Сот азаматша С-ның іс-әрекетін қорқу сәтіндегі психологиялық ауытқу жағдайында ананың өз баласын өлтіруі ретінде жіктеді. Өйткені, ол өз күшімен жуынатын бөлмеде босанған. Ал көрші бөлмеде ағасы, енесі және анасы болған. Оның мұндай жай-күйін сот психологиялық-психатриялық сараптама қорытындысы мен сарапшылардың куәлігі де нақтылаған.
«С. орташа ауыр қылмыс жасағанын, жасаған іс-әрекетіне өкінгенін, денсаулығының жай-күйін (1 санаттағы диабет, семіздік, 140 келі) ескерген сот оның бас бостандығын 2 жылға шектеді», - делінген қалалық сот таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram