{metadescription}
Ақмола облысында әйел сүйіктісіне қасақана ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Ақмола облысында әйел сүйіктісіне қасақана ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталды

43 жастағы ер адам жарты жыл бұрын бір әйелмен танысқанын және онымен жақын қарым-қатынаста болғанын жеткізді.

Ақмола облысының полицейлері ер адамға ВИЧ инфекциясын жұқтыру бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресми мәліметке сәйкес, 6 ақпанда Целиноград аудандық полиция бөліміне шағым түскен. 43 жастағы ер адам жарты жыл бұрын бір әйелмен танысқанын және онымен жақын қарым-қатынаста болғанын жеткізді. Ақпан айында оның ВИЧ сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ал 37 жастағы әйел бірнеше жылдан бері осы ауруға шалдыққан адамдардың есебінде тұрған.

Ер адам әйел инфекция жайында біле тұра, оны әдейі жұқтырды деген шешімге келген. Содан полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Sputnik.

"Жауап алу кезінде күдікті ағзасында ВИЧ инфекциясы бар екенін білгені анықталды. Оған ауруды басқа біреуге жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілген", - дейді полицейлер. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 2-бөлігі (Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.