{metadescription}
Көпірден секірмек болған мас ер адам құтқарылды

Көпірден секірмек болған мас ер адам құтқарылды

Елорданың тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

"Кеше түнгі сағат 23:46 шамасында "102" пультіне белгісіз ер адамның Сарыарқа көпірінің үстіне шығып алып, секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Тәртіп сақшылары жеткен уақытта ер адам дайындалып, көпірден секіру әрекетін жасап жатқан. Полицейлер ер адамды сөзге тарта отырып, оның секіруіне жол бермей ұстап үлгерді", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 33 жастағы азаматтың ішімдікке мас болғаны анықталды. Оның мұндай қадамға неліктен бармақ болмағаны анықталу үстінде. Ер адам аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерде психологиялық көмек көрсетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.