Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы.
15:13 09.02.2021
Ондағы ақпараттарға қарағанда, 9 ақпан сағат 13.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жол көрінісінің нашарлығы) «Алматы-Өскемен» автожолының 480-615 км, Көлбай ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы бөлігінде («CITIC Construction Co.. Ltd» ЖШС қайта құруға арналған бөлігінде) барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ 9 ақпан сағат 13.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді:
1. «Алматы-Өскемен», 615-683 км, Алматы облысының шекарасы мен Таскескен ауылы бөлігінде жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін:
2. «Алматы-Өскемен», 683-768 км, Таскескен ауылы мен Аягөз қаласы аралығында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram