Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сарапшы әлеуметтік желіде аты-жөнді көрсету қауіпті екенін айтты
Интернеттен жеке дерегіңізді тапқан алаяқтар сізді бопсалап, ақша талап етуі мүмкін.
16:14 09.02.2021
Gem4me мессенджерін әзірлеу тобының жетекшісі Ваге Закарян алаяқтар адамды жеке мәліметтер арқылы бопсалайтынын ескертті.
"Құмар ойындарға тәуелділік, ішімдікке салыну, көзге шөп салу – осы және басқа да ақпараттарды қолға түсірген адамға ақша төлеуге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Оның өзінде өмір бойы кіріптар болмай, бір рет төлеп құтылсаңыз, жолыңыздың болғаны", - дейді сарапшы.
Аты-жөнін жасырмайтын, өзінің дәулетімен мақтанатын, мысалы, қымбат курортта екенін айтатын адамдар болады.
"Бұл ұрыларға таптырмас ақпарат: жеке мәліметі бәріне белгілі бұл адам қазір басқа елдегі курортта демалып жатыр, демек оның үйіне түсетін уақыт келді деген сөз", - деп атап өтті Закарян.
Бүгінде адамдар әлеуметтік желідегі ашықтық зиян келтіруі мүмкін екенін түсіне бастады, сондықтан желіде шын атымен тіркелуді азайтып, мессенджерлерде қарым-қатынас жасауға ауысып жатыр. Закарянның айтуынша, қазір Батыста әлеуметтік желілерден толығымен бас тарту идеясы кең тараған: олар мұны бір нәрсеге тәуелділіктен арылған еркін адамның белгісі деп санайды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram