Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Google Қазақстаннан кетеді: Желіде тараған қауесетке министр жауап берді
Бұдан былай Google компаниясы Қазақстанда өз қызметін тоқтатады деген кейбір БАҚ және әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді.
16:49 09.02.2021
"Мен интернеттегі және БАҚ-тағы іс-шара туралы көптеген ақпаратты көрдім, бірақ кейбір жағымсыз пікірлер де тап болдым. Мысалы, Google Қазақстаннан кетеді деп жаза бастады. Біздің конференцияда Google Вице-президенті Винт Серф сөз сөйлеп, IT және цифрландыру саласындағы соңғы трендтермен бөлісті. Google ешқайда кетпейді деп сендіргім келеді", - деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, министр Google-дің Қазақстандағы қызметіне арналған арнайы баспасөз мәслихаты өтетінін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram