Қызылорда облысында карантин жеңілдетілді
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік саниатриялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №2 Қаулысы қабылданды.
09:10 10.02.2021
Қаулыға сәйкес жекелеген объектілердегі карантин талаптары жеңілдетілді.
«Сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілді. Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді», - делінген қаулыда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!