Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да Грузияға бет алған жүк көлігі жыраға құлап кетті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері грузиялық жүргізушіге көмек көрсетті.
09:39 10.02.2021
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 ақпанда сағат 10:30 шамасында полиция аға лейтенанттары Сұңғат Жайлыбаев пен Мейір Тыныбаев «Өскемен-Семей» тасжолының 17-ші шақырымында жыраға құлап кеткен «DAF» жүк көлігін байқаған. Анықталғандай, көлік тізгінінде 27 жастағы Грузия азаматы болған.
«Тәртіп сақшылары шетелдікке бірден көмек көрсетті. Грузияға бет алған ер адам сапарын ары қарай жалғастырды. Ол полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айынан бері патрульдік полицейлер өңір жолдарында қандай да бір қиындыққа тап болған адамдарға 127 рет көмек көрсетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram