Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлия Юсупова гимнастика федерациясының басшысы атанды
Әлия Жүсіпова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды.
11:13 10.02.2021
Сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы кезінде өтті.
«Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер қызметіндегі жұмысымды жалғастыратын боламын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Алайда, менің тәжірибем, білімім және күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс көптеген міндеттердің шешімін табатын болады. Федерациямызға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз», - деді Ә.Жүсіпова.
Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афинада (2004) және Бейжіңде (2008) жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram