Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда қашықтан жұмыс істеу заңдастырылады
Мәжілістің бір топ депутаттары қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу туралы заң жобасын әзірледі.
12:08 10.02.2021
Бұл туралы төменгі палатаның жалпы отырысында айтылды. "Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына парламент депутаттары бастамашылық еткен.
"Бүгінде қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру - еңбек заңнамасын жетілдіру қажетін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс режимін енгізу, жұмыс кестесін, мерзімін, жұмыскердің, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады", - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова палата отырысында.
Депутаттар аталған заң жобасынан оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелер күтілетінін атап өтті. Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін әзірлейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram