{metadescription}
Көлгінов LRT құрылысына қатысты түсініктеме берді

Көлгінов LRT құрылысына қатысты түсініктеме берді

Astana LRT құрылысын жандандыру үшін банктерден инвестиция тарту жұмыстары басталды.

Бұл туралы бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«LRT қалалықтардың барлығын толғандырып отыр. Пандемия кезеңінде оның құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды. Банктерден қаражат тарту қажет», - деді Алтай Көлгінов.

Әкім бітпей тұрған құрылыс нысандары қаланың көркін бұзып тұрғанын да мойындады. Дегенмен LRT-ның құрылысы жалғасады.

«Оның үстіне оған қомақты қаражат жұмсалып кетті. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Қазіргі уақытта банктерден инвестиция тарту бағытындағы жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді елорда әкімі.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.