Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда пандемия кезеңінде ажырасу саны азайды
2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген.
13:44 10.02.2021
Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некелер саны 15,7%-ға, ал ажырасулар саны бірден 2,6 есеге қысқарды, деп хабарлайды Ranking.kz. 2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу тіркелді. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некелер саны 15,7 пайызға азайды, ал ажырасулар саны бірден 2,6 есе азайды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ажырасу мен некелесу қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш — 19,8%-ды құрады, ал өткен жылы көрсеткіш, керісінше, рекордтық жоғары теріс мәнге — 43,5%-ға жетті.
Есепті кезеңде елдегі тіркелген некенің 69%-ға жуығы, яғни 60,4 мыңы қалаларға тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға аз. Ауылдық жерлердегі тіркелген некелер саны бір жылда 11,6%-ға, яғни 27,2 мыңға дейін қысқарды.
Былтырғы қаңтар-қыркүйекте ҚР-да ажырасу жағдайларының 73,4%-ы, яғни 12,7 мыңы (бір жыл бұрын — 73,3%) қалаларға, ал 26,6%-ы, яғни 4,6 мың ауылдық жерлерге тиесілі болды. Бұл ретте қалалық және ауылдық жерлерде де ажырасулар саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды.
ҚР барлық өңірінде неке саны азайды. Көрсеткіш Шымкентте (-27,4%), Қостанай облысында (-19,8%) және Алматыда (-18,3%) төмендеді. Ең аз төменгі көрсеткіш Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды.
Ел бойынша ажырасу жағдайларының саны аз. Ажырасу санының анағұрлым төмендеуі Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram