Еліміздің шығысында аяз күшейеді
"Қазгидромет" РМК 11-13 ақпандағы республика бойынша ауа райы болжамын жариялады.
14:13 10.02.2021
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күн ішінде Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылым анықтайды.
"Республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, мұнда температура 28-33 аязға дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі", - деп атап өтті метеорологтар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!