Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау 3 наурызда аяқталады
Қазақстанда номиналы 1000 теңгелік ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылады.
15:23 10.02.2021
ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
"2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", - деді ведомствода.
Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша Байланыс-орталығына хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram