Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа ауысты
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
16:52 10.02.2021
Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа ауысты. Қазақстан Республикасында 10 ақпандағы жағдай бойынша 198 086 науқас COVID-19 жұқтырған және 48 388 азаматқа КВИ- диагнозы қойылған. КВИ+ 179 277 науқас және КВИ- 37 998 науқас сауығып шықты. Инфекциялық төсек орындарының 26 пайызында науқас бар, реанимациялық орындардың 18 пайызында пациент жатыр.
«Осы аптада эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы бойынша Қазақстан орташа қауіпті аймақтан тәуекелі төмен аймаққа өтті. 3 өңір (Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) қызыл аймақта тұр. Сары аймақта – 3 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) бар. Қалған 11 өңір жасыл аймақта», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram