Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Димаш Құдайберген Америкаға көшеді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшуге ниетті.
17:19 10.02.2021
"MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Телеарна жүргізушісі Кевин Кенни Димаштан Қытайда не ұнағанын сұрады.
"Қытайға келгеннен бастап бәрі ұнады. Қытай халқы көпшіл, Қытай аудиториясы да өте жақсы. Менің Қытайдағы менеджерлерім өте еңбекқор", - деді Димаш сұхбат барысында.
Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
"Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін мең сүйікті орын – отбасым бар жер", - деді Димаш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram