Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда дипломаттарға талап күшейтіледі
Елімізде дипломаттарға деген талапты заңмен күшейту қарастырылуда.
12:14 11.02.2021
"Дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын талқылау барысында cенат депутаттары тарапынан, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар ұсыныс пен түзету енгізілді. Олар, "дипломатиялық қызмет ардагері" ұғымын тағайындау үшін арнайы өкілетті 15-тен 10 жылға төмендету және ол бойынша арнайы төлемдерді 2022 жылғы 1-ші қаңтардан бастау. Бұл ұсынысты республикалық бюджет комиссиясы биылғы 25-ші қаңтарында қолдады.
Одан бөлек, "дипломатиялық поштаны" дипломатиялық қызметкерлермен олардың отбасы мүшелерінің жеке мүддесі үшін қолдану құқығын заң жобасынан алып тастау. Дипломатиялық поштаға арналған ұқсас талап еліміздің Кедендік кодексінде бар. Осыған байланысты, бұл норманы заң жобасынан алып тастау ұсынылады. ҚР Премьер-Министрінің биылғы 9-шы ақпандағы қорытындысында, Сенат депуттары бұл түзетулерге оң баға берді", - деді сенат депутаты Қайрат Қожамжаров.
Айта кетсек, бүгін ҚР Парламент сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram