Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да қар көшкінінен турист қаза тапты
10 ақпанда өскемендік алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген.
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd
15:12 11.02.2021
Кенеттен таудан көшкін жүріп кетіп, олардың бірін қар басып қалған, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
«Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды», - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оның айтуынша, тікұшақ күн бұлтты болып, бораннан ештеңе көрінбегендіктен 16.23-те қонуға мәжбүр болған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып, зардап шеккен адамға жеткендерін және қар астында қалған 1979 жылғы ер адамның денесін алып шыққандарын хабарлады. Кейін саяхатшылар нақты координаттарын жіберіп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті.
«11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар, 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға атанды», - деді Талғат Уәли.
ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасағаны хабарланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram