{metadescription}
Қазақстандықтар халық санағынан онлайн өте алады

Қазақстандықтар халық санағынан онлайн өте алады

Мұндай шешім премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссияда қабылданды.

Онлайн-санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады, сайт тәулік бойы жұмыс істейді, адамдар тұратын жеріне қарамастан, өздеріне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыра алады.

Ұлттық статистика бюросы мен кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) мамандары жүйенің осал тұстарын күшейтіп, байланыс арнасының кеңейгенін мәлімдеді. Смайылов ҰҚК-мен бірлесіп хакерлік шабуылдардың алдын алу үшін сайтты тәулік бойы мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол sanaq.gov.kz сайтын eGov.kz веб-порталмен интеграциялауды тапсырды.

Дәстүрлі үй-үйді аралау, онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту мақсатында 2021 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Санақ жүргізушілер планшеттерді қолданады, бұл деректер сапасына адами фактордың әсерін барынша азайтады, ЖСН қолданып нақтылық деңгейін жоғарылатады және ақпараттың қайталануын болдырмайды. Планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен сұхбат беруші барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.