{metadescription}
СҚО-да бүтін бір отбасы өртеніп кетті

СҚО-да бүтін бір отбасы өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйдегі өрттен төрт адам, оның ішінде үш жасар бала көз жұмды.

Бұл туралы брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин хабарлады.  Таңғы 07:02-де өрт сөндіру пультіне Степная көшесіндегі жеке үйдің шатыры түтіндеп жатыр деген хабар түскен. Төтенше жағдай басқармасы қызметкерлері жеткен кезде үйдің шатыры өртеніп жатқанын көрген. Өртті сөндіру кезінде газ баллоны жарылып, төбесі опырылып түсті. Отты ауыздықтау барысында 4 адамның мүрдесі табылды. 

"Өртті сөндіру кезінде 1993 жылы туған үй иесінің, оның 1992 жылы туған әйелінің, олардың 2017 жылы туған ұлының және әйел адамның (қайтыс болған үй иесінің қарындасы болуы мүмкін) жансыз денесі табылды. Өрт туралы хабар  таңғы  07:02-де түсті, 09:03-те ауыздықталды, 13-54-те толық  өшірдік. Оған 3 арнайы техника мен 11 адам жұмылдырылды ", - деді Растихин.

Үй толығымен жанып кетті. Қатты аяз жалынды сөндіруді қиындатты. Өрттің себебі және материалдық шығын анықталып жатыр.

"Отбасы әлеуметтік осал топтарға жатпайды, еш жерде тіркеуде тұрмаған. Қайтыс болған ерлі-зайыптының қызы аман қалды, сол түні ол әжесінің үйінде түнеген. Баламен біздің психолог жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Дмитрий Растихин.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.