{metadescription}
Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде парамен ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шара нәтижесінде 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы соттың судьясы ұсталған.

«Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде