{metadescription}
Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды

Болат Иманбаев Қазақстанның Армениядағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ал Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. 



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде