Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қайтыс болды
Қарағанды облысының Абай ауданында менингиттен мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қайтыс болды.
12:16 12.02.2021
18 жастағы жігіт Түркістан облысынан шақырылған. «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан жігіт 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. 2 ақпанда таңғы сағат 8.00-де ол өзін әлсіз сезінетінін айтқан. Санитарлық нұсқаушы жүргізген тексерістен кейін ол Абай қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, сарбаз жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.
«Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, әскери қызметшінің өліміне менингококты инфекция себеп болған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгер Жақып Рамазан Мейрамбекұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғырып, туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Марқұм әскери борышын өтеген бөлімде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, карантин жарияланды. Онымен байланыста болғандардың барлығы Қарағанды облысы бойынша ұлттық сараптама орталығына сараптамаға жіберілді. Орталықтың басшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгерлердің отбасы мен достарына көңіл айтты, тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!