{metadescription}
Алматыда қоқыстан ер адамның денесі табылды

Алматыда қоқыстан ер адамның денесі табылды

Алматыдағы «109» қызметінің құтқарушылары қоқыс үйінділерінің астынан ер адамның денесін алып шықты.

11 ақпан күні сағат14:50-де Алматы қаласы құтқару қызметінің басқару пультіне көмекке шақырған қоңырау түсті. «Қоңырау шалушы жер қазу жұмыстары кезінде Алатау ауданында орналасқан

«Кенжехан» базарының артындағы қоқыс үйіндісінің астында ер адамның қалып қойғаны туралы айтты. Оқиға орнына жедел түрде 12 адамнан тұратын «109» құтқарушылар тобы және екі кинологиялық экипаж аттанды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізе бастады. Құтқару жұмыстары кезінде ер адамның денесі табылды, ол үйінді астынан шығарылып, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады қаланың құтқару қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.