Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы тауларында жоғалған турист өлі табылды
Алматы тауларында жоғалып кеткен туристің денесі табылды.
17:54 12.02.2021
Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли растады.
«Алматы тауында жоғалып кеткен адамды іздеу іс-шарасы аяқталды. 2021 жылы 12 ақпанда сағат 14: 30-да бір тәулікке жетпейтін уақытта 1981 жылғын ер адамның денесі Шымбұлақ шатқалынан табылды», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Іздеудің алғашқы күнінен бастап құтқару жұмыстары нөлдік көріну (тұман) жағдайында жаяу жүргізілді. Іздестіру жұмыстары үздіксіз атқарылды. Қазәуеқұтқарудың KA-32 тікұшағы дайын тұрды, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты оның ұшуы мүмкін болмады. Ауа-райы аз-маз жақсарған кезде Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың дроны қолданылды.
«Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метр биіктікке 5 реттен аса көтерілді. Көтерілу кезінде ол құлаған адамның ізін түсірді, бұл құтқарушылардың бағдар алуына және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді. Өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, құтқарушылар шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта мәйітті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл 3 сағаттан астам уақытты алады», - деп мәлімдеді Уәли.
Құтқару жұмыстарына барлығы 70 құтқарушы қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда тауда ер адамның жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram