{metadescription}
Әлішер Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Әлішер Әбдіқадыров Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009-2015 жылдары ҚР индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Павлодар облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2 016-2018 жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ («Қазақстандық индустрияны дамыту институты») басқарма төрағасы.

2 020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.