Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшырата ма
Қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина адамның репродуктивті денсаулығына еш әсер етпейтінін мәлімдеді.
20:06 12.02.2021
"Бүгінгі таңда бірде бір белгілі вакцинаның мұндай әсері жоқ. Бұл екпеге қарсы адамдардың шығарып жүрген қауесеттердің бірі. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ДСМ халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева.
Профессор, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева да COVID-19-ға қарсы вакциналардың сапасы жоғары екенін атап өтті.
"Ресейлік "Спутник V", отандық QazCovid-in және басқа вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның дайындалу технологиясы 80 жылдан астам уақыт қолданылады. Тұмау, полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакциналар дәл осы технологиямен жасалған", - деді ол.
Бұған дейін профессор Ләззат Ералиева адамзатты постковидтік пандемия күтіп тұрғанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігерлерге коронавирус инфекциясының салдарларымен күресуге тура келеді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!