{metadescription}

Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулы жарияланды

Құжатқа сәйкес, дәмханалар түнгі он екіге дейін жұмыс істейді.

Бассейндер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына шектеу қойылған жоқ. Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары, сауналар, бассейндер шектеусіз жұмыс істейтін болады. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілерінің жұмысына қойылған шектеу алынып тасталды. Бұған дейін 31 қаңтарда шыққан қаулыда бұл нысандар дүйсенбі-сенбі күндері сағат 10.00-ден кешкі 11-ге дейін жұмыс істеген еді. Жексенбі күні азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық болды.

Қоғамдық тамақтану орындары (сауда ойын-сауық орталықтары, қонақүйлердегілерді қоса) таңғы 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сағат 23.00-де тұрғындар тамақ үшін төлем жасап үлгеруі керек. 50 адамнан көп болмауы тиіс, адам саны сыйымдылықтың процентінен аспауы қажет. Әр үстелде 4 орын. Әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау шарт. Көп адам жиналатын шараларға әлі де тыйым салынып отыр. Бұған дейін қонақүй ішіндегі тамақтану орындары жұмыс істеген жоқ. Ал өзге дәмханалар 23.00-ге дейін ашық болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде