{metadescription}
Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы жабылды.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының деректері бойынша 14 ақпан күні сағат 22:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, көріну шектеулі) "Алматы-Ташкент - Термез" -  "Ұзынағаш ауылы Жамбыл облысының шекарасына дейін" (61-143 км) республикалық маңызы бар автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ, 15 ақпан күні сағат 00.30-дан бастап ауа райы жағдайына байланысты (тұман, көріну шектеулі) республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" - "Талдықорған қаласы - С.Жансүгіров" автожолында (287-386 км) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Алматы облысының ТЖД төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында азаматтарға осы бағыттар бойынша сапарлардан бас тартуды ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.