«Қызыл» аймақта бір ғана облыс тұр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
11:39 15.02.2021
15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлолар облысы «қызыл» аймақта тұр. Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысқан.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары