Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент жаңа заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды.
20:11 15.02.2021
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін парламент сенаты "Нотариат туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдаған болатын. Заңның мақсаты – нотариат саласында азаматтардың заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ететін тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу.
Жаңашылдықтардың бірі – нотариаттық қызметті одан әрі цифрландыру. Нотариаттық құжаттардың электронды нысанда сақталуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етететін электрондық жүйе (репозитарий) құру көзделіп отыр. Бұл жерде, заң жобасы қағаздағы құжат пен электронды құжаттың тең мәнділігін куәландыруды қамтамасыз етуді де міндеттейді.
Нотариаттық құжатқа QR-код беріледі, осылайша оның түпнұсқалығы расталады.
Тағы бір мәселе – нотариусқа қосымша ақылы негізде заң көмегін көрсету құқығы беріледі.
Заң жобасына сәйкес нотариустар:
- нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізе алады;
- мәміле жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетеді.
- Осылайша нотариаттық қызмет түрлері кеңейеді және халықтың құқықтық сауаттылығының артуына біршама ықпал етеді деп жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram