{metadescription}
Шымкентте үйінен шығып, қайтып оралмаған қыз табылды

Шымкентте үйінен шығып, қайтып оралмаған қыз табылды

Қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпағаннан кейін полиция қызметкерлеріне көмек сұрап барған.

Шымкент қаласының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған кішкентай қызды тапты. Еңбекші АПБ-не 13 ақпан күні кешке жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйел кешкі сағат 20:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін жеткізген.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қалалық полиция басқармаларына бағытнамалар жіберілді.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде 2-3 сағат көлемінде қыздың жүрген жері анықталды. Қазіргі таңда кішкентай қыз анасына аман-есен табысталды.

"Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Шымкенттік полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Шымкенттік полицейлерге алғысымды айтамын", – деп қыздың анасы ризашылығын білдірді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде