Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
20:17 16.02.2021
Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.
"Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан аса жүк көлігі кіретінін көрсетті", - деп жазды мегаполис әкімі.
Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram