{metadescription}
Билл Гейтс әлемдегі ең қиын проблеманы атады

Билл Гейтс әлемдегі ең қиын проблеманы атады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 2050 жылға қарай адамзат үшін ең қиын мәселе Климаттық бейтараптыққа қол жеткізу екенін айтты.

"Бұл адамзаттың алдында тұрған ең қиын мәселе (2050 жылға қарай Климаттық бейтараптық), өйткені физикалық тұрғыдан әлемнің экономикасы: цемент, болат, көлік, ауыл шаруашылығы, барлық секторларын өзгеріс күтіп тұр", - деді Гейтс Австралияның Ұлттық қоғамдық хабар тарату корпорациясына берген сұхбатында.

Ол инновацияны енгізу, ауқымдылық, сондай-ақ, климаттық бейтараптық саясатын жүргізу бұл мәселені 2050 жылға дейін шешетінін айтты. Климаттық бейтараптық (көміртектік бейтараптық) - нөлдік көміртегі шығарындыны, көміртегі шығарындының зиянды әсерін жою. Билл Гейтс алдағы бес жылда жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы жобаларға екі миллиард доллар инвестиция салады.

Гейтстің пікірінше, әлем мемлекеттері климатты қорғауға бағытталған зерттеулерге жұмсалатын шығындарын жыл сайын 110 миллиард долларға (46 триллион теңге) дейін арттыруы тиіс. Сонымен бірге, Гейтс өзінің көзқарасы бойынша әлемдік өнеркәсіп атом энергиясынан бас тартпауы керек, өйткені күн мен жел сияқты балама көздер электр энергиясына деген жаһандық қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Сонымен бірге ол атмосферадан көмірқышқыл газын сүзгіден өткізу технологиясына үлкен үміт артатынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде