Tengri Bank-тің экс-басшысы ұсталды
Tengri Bank директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды.
14:39 17.02.2021
Бұл жөнінде Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік хабарлады.
"Иә, ұсталғанын растаймыз, осы жылдың 16 ақпанында АФМ қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Шайкенов 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың мамырына дейін Tengri Bank басқарма төрағасының қызметін атқарды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Tengri Bank директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болды. 2021 жылдың ақпан айында аталған банк мәжбүрлі түрде таратылды.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың қыркүйегінде Tengri Bank банктік және басқа да операцияларды орындау лицензиясынан айырылды. Клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банкке қатысты 11 бақылаушылық әрекет ету шарасын қабылдап, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 36 хаттама толтырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!